ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ЕКІ КҮНДІК ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗДІ

Уақыты: 06.03.2022
Оқылды: 1529
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында "Көктем-2022" республикалық командалық–штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.

Көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайды жоюға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дайындау, сондай-ақ, су тасқыны қаупі жағдайында облыс тұрғындары мен аумақтарын қорғауды ұйымдастыру бойынша басқарушылық шешімдерді пысықтау мақсатында екі күн бойы "Көктем–2022" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы ұйымдастырылды.

Оқу-жаттығуға азаматтық қорғау органдарының бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары қатысты. Оқу-жаттығу шеңберінде қызметкерлердің өзара іс-қимылы және халықты хабардар ету мәселелері пысықталды. Ал негізгі күш-жігер су тасқынына қарсы практикалық іс-шараларды өткізуге бағытталды.

"Азаматтардан өтінеріміз, сіздің учаскеңізге іргелес жатқан арық желілері мен құбырлы өткелдер бар болса, оларды тазарту арқылы су тасқынын алдын алуды сұраймыз", - делінген төтенше жағдай хабарламасында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"