ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ ТІКЕЛЕЙ ЭФИР ӨТІП ТҰРАДЫ

Уақыты: 06.03.2022
Оқылды: 1650
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының экология департаменті экологиялық реттеу бөлімінің басшысы Қарлығаш Омашева азаматтарды оффлайн форматта қабылдау өткізді. Сондай-ақ, апта сайын желіде экология мәселесі бойынша тікелей эфир қосылады.

Шара Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің медиа-жоспарын орындау мақсатында қолға алынды. Кездесуге «Асыл Қазына» ЖШС, "Таубалиева" ЖК және «Қайнар АКБ» ЖШС, «Katada» ЖШС өкілдері қатысты.

Кездесу барысында көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалауын және әсер ету скринингінен өту процедураларына, оларды жүргізу тәртібі мен мерзімдеріне, объектілердің санатын анақтауға өтінім беру процесіне және ҚР Экологиялық кодексі мен оған сәйкес қабылданған нормативтік-құқықтық актілердің басқа да талаптарына қатысты сұрақтарға түсіндірме берілді.

Экологиялық реттеу бөлімінің басшысы Қ.Омашева туындаған барлық сұрақ бойынша «Асыл Қазына» ЖШС, ЖК "Таубалиева" және «Қайнар АКБ» ЖШС, «Katada» ЖШС өкілдеріне өз құзыреті шегінде тиісті түрде жауап берді.

Айта кететін мәселе, экологиялық реттеу бөлімі апта сайын "Facebook" әлеуметтік желісінде тікелей эфирде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ, экологиялық реттеу бөліміне қатысты сұрақтарыңыз болса, Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 297 мекенжайы бойынша Алматы облысы бойынша экология департаментінің 102 кабинетіне келе аласыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"