АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА СУ ДЕҢГЕЙІ КӨТЕРІЛІП, ТҰРҒЫНДАРҒА ҚАУІП ТӨНДІРУІ МҮМКІН

Уақыты: 09.03.2022
Оқылды: 2760
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында өзендегі су деңгейі көтерілуі мүмкін.

Соңғы күндері Алматы облысында ауа райы жылынып, қар аралас жаңбыр жауды. «Осыған байланысты таулы аудандарда қар тез еріп кетуі мүмкін. Салдарынан тау беткейлерінде су ағыны пайда болады, өзен-көлдердегі су деңгейі көтеріледі», - деп мәлім етті "Қазгидромет".

Синоптиктердің болжамынша, Іле, Жетісу, Қырғыз Алатауларында жауын-шашын жалғасып, тұман түседі. Жел екпіні оңтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығысқа ауысып соғады. Кей жерлерде жел қарқыны 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"