ТАЛДЫҚОРҒАНДА 20 АВТОБУС ЭКОЛОГИЯ ТАЛАПТАРЫНА САЙ БОЛМАЙ ШЫҚТЫ

Уақыты: 10.03.2022
Оқылды: 2637
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысы бойынша экология департаменті Талдықорған қаласының аумағында "Автобус" республикалық жедел-профилактикалық іс-шара өткізілгенін хабарлады.

Осыған байланысты аталған департаменттің зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің мамандары Талдықорған қаласы полиция басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп, автобустың ауаға шығаратын зиянды қалдықтарына тексеріс жүргізді.

Шара аясында атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындыларына сынама алынды. Барлығы 28 автокөлік құралына аспаптық өлшеу жасалды. Сынамаға сәйкес, "Автобус" республикалық жедел-алдын алу іс-шаралары барысында автокөлік құралдарының шығарындыларында түтін, басқа да ластаушы заттардың нормативтерден асып кетуі бойынша 20 автокөлік анықталды.

Өз кезегінде Талдықорған қаласы полиция басқармасы қызметкерлері шығарындыларда ластаушы заттардың нормативтен асып кетуі фактісі бойынша тиісті шаралар қолданады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"