ҚАЗАҚСТАНДА ҮШ АЙДАН КЕЙІН ҚАНТ ТАУСЫЛАДЫ ДЕГЕН АҚПАРАТ ЖАЛҒАН

Уақыты: 13.03.2022
Оқылды: 1271
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстанда қант тапшылығы жоқ. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі мәлімдеді.

«Сауда желілері мен тұрақтандыру қорларында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының қоры кемі үш айға жеткілікті. Сонымен қатар, қант өндірісі жалғасып жатыр, тоқтамайды. Қор толтырылып отырады. Яғни, «үш айдан кейін қор таусылады, қант тапшылығы болады» деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Елдегі қант өндірісінен бөлек, өзге елдерден импорттау мүмкіндігі бар. Сондықтан, ажиотажға ерік бермеуге шақырамыз», - деді ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі Әлішер Өмірзақ.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстандағы қанттың қоры 3 айға жететіндігі хабарланды. Алайда бірнеше өңірде қант саудасына байланысты ажиотаж байқалған еді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"