ҚАЙРАТ САТЫБАЛДЫҒА ІРІ КӨЛЕМДЕ ҚАРЖЫ ҰРЛАДЫ ДЕГЕН АЙЫП ТАҒЫЛДЫ

Уақыты: 13.03.2022
Оқылды: 1225
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мекемесі лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және «Қазақтелеком» АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және «Қазақтелеком» АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуде. Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қ.Сатыбалдыұлының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде», - делінген "Антикор" хабарламасында.

Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етуге жатпайды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"