ЖАРКЕНТ ӨҢІРІНЕ ЖАҢА ӘКІМ КЕЛДІ. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ТАҒЫ АУЫС-ТҮЙІС

Уақыты: 14.03.2022
Оқылды: 3224
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысы әкімінің өкімімен Марат Сағымбек Панфилов ауданының әкімі болып тағайындалды.

Марат Рахымбердіұлы 1966 жылы туған. Білімі - жоғары. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының Алматы филиалын астық сақтау және өңдеу технологиясы, Әулие ата университетін құқықтану мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Панфилов ауданы Киров атындағы ұжымшардың құрылысшы болып бастады.

Әр жылдарда Панфилов ауданы Киров атындағы ұжымшардың саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі, Панфилов ауданы халық депутаттары Бірлік ауылдық кеңесі төрағасының орынбасары, төрағасы, депутаты, Панфилов ауданы әкімшілігі аппаратының басшысы, Жаркент қаласының шағын және орта бизнесті қолдау қоры бастығының орынбасары, ҚР Қаржы министрлігі Кеден комитетінің «Бахты» кедені жолаушылар бөлімінің инспекторы, «Қорғас» кедені  кедендік күзет және режим бөлімінің инспекторы, Талдықорған қалалық әділет басқармасының паспортшысы, Алматы облысы әділет департаментінің діни істер жөніндегі бөлімінің бастығы, Панфилов аудандық әділет басқармасының басшысы, Панфилов ауданаралық әділет басқармасының басшысы, Алматы облысы әділет департаменті әкімшілік-құқықтық бөлімінің бас маманы лауазымдарын атқарды.

2022 жылдың қаңтарынан осы уақытқа дейін Алматы облысы әділет департаменті Панфилов ауданаралық әділет басқармасының басшысы болды.

Айта кетейік, Талғат Өмірәлиев өз өтініші бойынша Панфилов ауданының әкімі қызметінен босатылды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"