ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДА АЩЫ ШЫНДЫҚ АЙТЫЛДЫ, ЕНДІГІ МЕЖЕ БЕЛГІЛЕНДІ

Уақыты: 20.03.2022
Оқылды: 1475
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Бірден айтайық, Президент Жолдауы халықтың көңілінен шықты. Шындықты батыл айтты. Ел  ішіндегі кемшіліктерді сараптай отырып, одан шығу жолдарын да тайға таңба басқандай етіп көрсетіп берді.

"Жол­дау­дың мән-маңызы ай­рық­ша. Оның арқа­лайтын жүгі бір жыл­мен шектелмейді. Ауқы­мы кең, маз­мұны да бөлек. Біз алдымызға биік мақ­саттар қойып отыр­мыз. Өздеріңізбен бір­ге Жаңа Қазақстанды құру­ға кірістік. Хал­қы­мыз Тәуел­сіздік­тің қадір-қасиетін жан жүрегімен сезін­ді. Татулық пен тұрақ­ты­лық, тыныштық пен бейбітшілік қан­ша­лықты маңызды еке­нін жете түсінді. Біз мызғымас бір­лік­тің арқа­сында мем­леке­тімізді қор­ғап қалдық", – деп Қасым-Жомарт Кемелұлы парасатты хал­қы­мыздың төзімділігіне ек­пін берді.

Тағы бір көп­ші­ліктің көңіліне қон­ған сөзіне тоқталсам, «Демократия тарихы дегеніміз – ең ал­ды­мен, сайлау рә­сім­дерін жетілдіру тари­хы. Осы орайда мен байқаушылардың құқық­тары мен жауап­кер­шілігі нақты бел­гі­лену­ге тиіс деп санай­мын. Сондықтан, мен Прези­денттің өкі­леттік кезе­ңінде пар­тияға мүшелігін тоқ­­тату міндетін заң­на­малық түрде рәсім­деуді ұсы­намын. Бұл норма саяси бәсе­келес­тікті арттырады, барлық партиялардың дамуы үшін тең жағдайды қам­тамасыз етеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жолдаудың әр сөзі өзі­нің тарихи құн­ды­лы­ғымен жүрегіміздің төрі­нен орын алды. Оның жа­­уап­кершілігінің өте жо­ға­ры екенін де түсінеміз. Әсіресе, Президентіміздің жа­ңадан Жетісу, Абай және Ұлытау облыстарын ашуы баға жетпес тарихи оқиға деп есептеймін. Мемлекет басшысының өзі айтқандай, Қазақстан халқының даму жолы­на түскен  жаңа қада­мына ақ жол тілеймін!

Фарида АБДРАЙМОВА,

Н.Алдабергенов атындағы орта мектептің директоры

Көксу ауданы

Алматы облысы