АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БІРНЕШЕ КҮННЕН БЕРІ КОРОНАВИРУС ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ

Уақыты: 17.03.2022
Оқылды: 1083
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының эпидемиологиялық жағдайы туралы ақпарат жарияланды.

Соңғы екі аптада Алматы облысында COVID-19 ауруы төмендеп, апталық өсім 0,1%-дан 0,003%-ға дейін түсіп отыр, сырқаттанушылықтың тәуліктік көрсеткіші күніне 0-5 жағдай деңгейінде тұр. Мәселен, 3 наурыз бен 16 наурыз аралығында алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 65-тен 10 жағдайға дейін төмендегені байқалды.

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша Алматы облысы "жасыл аймақта" орналасқан. Соңғы бірнеше тәулікте облыста КВИ тіркелмеген.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"