КӨКПЕК АСУЫНДА АВТОБУС БҰЗЫЛЫП, ДАЛАДА ҚАЛҒАН 52 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Уақыты: 23.03.2022
Оқылды: 1481
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында елсіз жерде қалып кеткен 52 жолаушы құтқарылды.

Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 52 жолаушы мінген автобус елсіз далада бұзылған. Жолаушылар Еңбекшіқазақ ауданы Нұра стансасынан 25 шақырым жердегі Көкпек асуында, Бұғыты жотасында қалып қойған. Оларды құтқаруға департаменттен 3 қызметкер және бір техника көмекке келді. Автобус жолаушылары Алматы қаласының тұрғындары болып шықты. Туристер Нұра стансасына жеткізілді. Жолаушылардың ішінде зардап шеккендер жоқ.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"