АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 40-ТАН АСТАМ ЕЛДІ МЕКЕНДІ СУ БАСУ ҚАУПІ ЖОҒАРЫ

Уақыты: 24.03.2022
Оқылды: 1016
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында 40-тан астам елді мекенді су басу қаупі бар.

Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, таулы аймақтарда қар қалың. Ал еңісте аз. Ауа райы күрт жылып, қар аралас жаңбыр жауғанына байланысты су деңгейі көтерілуі мүмкін. «Бұл өз кезегінде ауылдарда еріген қар мен жауған жаңбыр суының жиналуына себепші», - дейді мамандар. Сондай-ақ, жауын-шашын салдарынан өзендер деңгейі көтеріліп, таулы аймақта күн күрт жылуы ықтимал. Төтенше жағдай қызметінің өкілдері тұрғындарға арықтарды тазалап, суағарларын ретке келтіруге кеңес береді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"