АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АУА РАЙЫНА ҚАТЫСТЫ МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУ ЖАРИЯЛАНДЫ

Уақыты: 27.03.2022
Оқылды: 1429
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында өзен-көлдерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.

Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сәйкес, 27-29 наурызда Алматы облысының тау бөктерінде қатты жауын-шашын жауады, тұман түседі, қалың қар күтілуде. Салдарынан тау беткейлерінде су ағыны пайда болады, өзен-көлдерде су деңгейі көтеріледі. Сондай-ақ, Алматы облысында 29 наурызда Алакөл аймағында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды ауа райының өзгеруін бақылап, сақтық шараларын ұстануға шақырады. «Қазгидромет» таратқан ескерту негізінде тұрғындарға тауға шықпауға кеңес беріледі. 27 наурыз күні таулы аймақтарда қалың тұман түсіп, көктайғақ болады. Жауын-шашын жауады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"