АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖЕР СІЛКІНІСІ ТІРКЕЛДІ - ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ХАБАРЛАЙДЫ

Уақыты: 28.03.2022
Оқылды: 1423
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысы аумағында жер сілкінгенін хабарлады.

Сейсмологиялық станция желісі 28 наурыз күні таңғы сағат 6:32-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы - Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 112 шақырым жерде, Алматы облысының аумағында (Кербұлақ, Іле аудандары) орналасты.

Зілзаланың энергетикалық санаты - 10.4. MPV магнитудасы - 4,9. Тереңдігі - 30 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"