БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ АГЕНТТІГІ ТАҒЫ БІР ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАДЫ

Уақыты: 28.03.2022
Оқылды: 1242
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті «Айбо-Мед» ЖШС-нің «Мalida» ЖШС тарапынан дезинфекциялау құралын өндіру кезінде «Aibosept»тауар белгісін көшіруге қатысты өтінішін қарады.

Өтінішті қарау барысында аталған серіктестіктің «Aibosept» тауар белгісін пайдалана отырып, өзінің дезинфекциялау құралын өндірумен айналысатыны анықталды. Бұл ретте аталған тауар белгісі мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес «Айбо-Мед» ЖШС тиесілі. Сонымен қатар, серіктестікте осы «Aibosept» тауар белгісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік жоқ болып шықты.

Жоғарыдағы мәселе негізінде, «Мalida» ЖШС іс-әрекеттерінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 178-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілері анықталды.

Департамент Кодекстің 199-бабы негізінде «Мalida» ЖШС-ға қатысты әрекеттерде (әрекетсіздікте) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің болуы туралы хабарлама шығарды. Хабарлама бойынша заңсыздықтың жолы кесілді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"