АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КҮН КҮРТ ЖЫЛЫП, ТАУ БЕТКЕЙІНДЕ ҚАР КӨШУІ МҮМКІН

Уақыты: 29.03.2022
Оқылды: 1456
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу және Іле Алатауы тауларында қатты жауын-шашын болады. Сонымен бірге, облыс аумағындағы өзендерде су тасып, тау беткейлерінде қар көшкіні жүруі мүмкін. Бұл туралы Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Алматы облысында алдағы тәуліктерде күн 20 градусқа дейін күрт жылынады «Қазгидромет» РМК-ның ескертуі негізінде 29-30 наурыз күндері Алматы облысының Жетісу және Іле Алатауы тауларында қатты жауын-шашын (көктайғақ, қар және тұман) күтіледі. Сондай-ақ, Алматы облысының аумағында оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні 18-23 м/с-қа дейін жетеді.

29-31 наурыз аралығында облыс аумағында көшкін қаупі сақталады. Алматы облысының аумағында көшкін қаупі бар 109 учаске бар, олар: Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай, Сарқан, Ескелді аудандарында және Текелі қаласында, сондай-ақ, Іле Алатауы жотасының оңтүстік беткейінде және Жетісу Алатауы тауларының солтүстік жотасында орналасқан.

Департамент өкілдері азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"