АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТІП ЖАТЫР

Уақыты: 01.04.2022
Оқылды: 1574
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының өкілдері жұмыс сапарымен Алматы облысында келді. Бұл туралы "Жетісу" газетінің сайты хабарлады.

Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров жұмыс сапары шеңберінде бірнеше шара өткізуде. Сапар аясында алдымен шығып қалған депутаттың орнына Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тіркеу қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының көшпелі отырысы ұйымдастырылды. Аталған отырыс соңында Нұрлан Әбдіров облыс жастарымен сайлау процесінің мәселелері бойынша кездесті. Одан кейінгі кездесулер Талдықорғаннан бөлек Көксу ауданында жалғасады деп жоспарланған.

Айта кетейік, 2022 жылдың 22 сәуірінде Алматы облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтеді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"