"АЛТЫНЕМЕЛ" ПАРКІНДЕ "ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА" ЕНГЕН СІЛЕУСІНДЕР ЖҮР (ВИДЕО)

Уақыты: 01.04.2022
Оқылды: 2086
Бөлім: КҮНДЕРЕК

"Алтынемел" ұлттық паркінде «Қызыл кітапқа» енген Түркістан сілеусіні жүр.

Күшіктерін ерткен сілеусін парктің бейнекамерасына түсіп қалған. Толық бейнежазба ұлттық парктің желідегі парақшасына жүктелді. Видеода енесінің артынан шамамен бір жастағы 3 сілеусін күшігі еріп жүргенін көруге болады.

"Видеода енесінің артынан бір жасар 3 сілеусіннің еріп жүргені байқалады. Бұл - сирек кездесетін жағдай, өйткені, сілеусін әдетте екеуден артық күшіктемейді. Сілеусін 3 немесе одан көп күшіктеуі, бұл ұлттық паркте сілеусін үшін қолайлы өмір сүру жағдайы қалыптасқанын көрсетеді. Сілеусін сібір тау ешкісімен, қабанмен кейде кекіліктермен де қоректенеді", - деп жазылған парктің ресми парақшасында.

Бейнежазбаны мына сілтемеден көре аласыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"