ЭКОЛОГТАР ЖУРНАЛИСТЕРМЕН БІРІГІП, АРНАЙЫ РЕЙД ҰЙЫМДАСТЫРАДЫ

Уақыты: 01.04.2022
Оқылды: 1785
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысы бойынша экология департаменті мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Д.Өмірбеков "Жетісу" телеарнасының «EKO REID» бағдарламасының қонағы болды. Бағдарлама барысында Жамбыл ауданына қарасты елді мекендерде анықталған қатты тұрмыстық қалдықтар мәселесі талқыланды.

Геопортал жүйесі жерді қашықтықтан зондау арқылы рұқсат етілмеген қоқыс орындарын анықтау бойынша жұмыс жүргізеді. Геопортал жүйесі бойынша координаттар анықталған жағдайда тиісті жергілікті атқарушы органдарға жолданады. Сонымен қатар, бас маман департаменттің, жергілікті атқарушы органның және облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы мамандарымен бірлескен комиссия құрылып, БАҚ өкілдерінің қатысуымен көктем және күз айларында тұрақты түрде рейдттік іс-шаралар жүргізіліп тұратындығын атап өтті.

«EKO REID» бағдарламасында көрсетілген бейнесюжеттерге қатысты департамент тарапынан қатты тұрмыстық қалдықтарды жою үшін жергілікті атқарушы органдарға және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына алдағы уақытта тиісті хаттар жолданатын болады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"