АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. ИНСПЕКЦИЯ ЕСКЕРТУІ

Уақыты: 04.04.2022
Оқылды: 1321
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысы аумағындағы өзен-көлдерде 15 сәуір мен 1 мамыр аралығында балық аулауға болмайды.

«Қазақстан Республикасы Экология, геоло­гия және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік меке­месінің 18.03.2022 жылғы «Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз, Іле өзендерінде балық ресурстарының және басқа да су жануарлары уылдырық шашу ке­зеңінде балық аулауға тыйым салу туралы» №20 н/қ Бұйрығына сәйкес Балқаш көліне құятын са­ғалардан ағыс пен жоғары бағытта өзеннің жалпы ұзындығымен және оның негізгі сағалары, сон­дай-ақ, Балқаш көлінің ішкі бағыттарында және екі жақтағы 5 шақырым кеңістіктегі сағаларды, жылғаларды және жайылымдарды қоса алғанда Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінде 15 сәуір­ден 1 маусым аралығында балықтың уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынады.

А.СЫЗДЫҚОВ,

Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Қаратал бөлімі балық инспекциясының бас маманы

Алматы облысы