ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНА БАРМАС БҰРЫН НЕНІ БІЛГЕН ЖӨН?

Уақыты: 06.04.2022
Оқылды: 1505
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Халыққа қызмет көрсету орталығына бармас бұрын нені білген жөн?

Қазақстандықтар мемлекеттік қызметтердің 90 пайыздан астамын электрондық үкімет порталы арқылы онлайн түрде ала алады. Оған қоса eGov Mobile мобильді қосымшасы, телеграмда @kenes1414bot секілді пайдалы баламалары тағы бар. Ал егер сізге керек қызмет тек ХҚО-да қағаз жүзінде көрсетілетін қалған 10 пайыздың ішінде болса ше?

Төмендегі қарапайым кеңестерге құлақ ассаңыз, уақытыңызды үнемдейсіз:

1.Алар қызметіңіз электронды порталда рәсімделмейтініне тағы бір рет көз жеткізіңіз, себебі, онлайн-қызметтер тізімі үнемі толықтырылып отырады;

2.Онлайн баламасы жоқ па? Онда ХҚО-ға бару үшін кезекті брондауға кеңес береміз. Әрине, бұл міндетті емес, алайда брон жасау арқылы уақытыңызды үнемдейсіз. Тек белгіленген уақыттан 10-15 минут бұрын келсеңіз болды;

3.Жеке куәлігіңізді ұмытпаңыз. Құжатыңыздың мерзімі аяқталып қалған жоқ па? Оны да қарап қойыңыз;

4.Кейбір мемлекеттік қызметтерді алу үшін сізден белгілі бір құжаттар пакеті сұратылуы мүмкін. Ол туралы алдын ала 1414 байланыс орталығынан нақтылап алыңыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"