ТАЛДЫҚОРҒАНДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТЫЛАДЫ

Уақыты: 06.04.2022
Оқылды: 1510
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорған қаласының әкімдігі жылыту маусымы мерзімінен бұрын тоқтатылатынын мәлімдеді.

"Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары мен қонақтары! Гидрометеорология қызметінің анықтауы бойынша, қалада алдағы бес күн ішінде қалыптасқан орташа тәуліктік температура +8 градус және одан жоғары болуына байланысты және ұзақмерзімді ауа райы болжамын назарға ала отырып, Талдықорған қаласының әкімдігі жылу беру маусымын 11 сәуірде аяқтау туралы шешім қабылдады", - делінген әкімдік хабарламасында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"