ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНДА ЖҮК КӨЛІГІ ШАТҚАЛҒА ҚҰЛАП, БІР АДАМ МЕРТ БОЛДЫ

Уақыты: 11.04.2022
Оқылды: 1334
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Ескелді ауданында қайғылы жағдай. Жүк көлігі шатқалға құлап, бір адам мерт болды. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

«Сағат 15:30-да Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментіне Ескелді ауданындағы шатқалдардың бірінде таудағы жолдан «Газ-66» автокөлігі аударылып түскені туралы хабар жеткен. Оқиға салдарынан 1969 жылғы ер адам сол жерде қаза тауып, 1990 жылғы азамат жарақат алған», - деді Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.

Алматы облыстық жедел-құтқару жасағының (5 қызметкер мен бір техника), еріктілердің (10 адам мен 2 техника) көмегімен шатқалдан қаза тапқан жүргізушінің мәйіті шығарылды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"