ҚАРАТАЛ ӨЗЕНІН КӨЛІКПЕН КЕСІП ӨТПЕК БОЛҒАН ЕР АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Уақыты: 11.04.2022
Оқылды: 1065
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қаратал өзенін көлігімен кесіп өтпек болған ер адам суға ағып кете жаздады. Оқиға Талдықорғанда болған.

«Түнгі сағат 00:42-де Талдықорған қаласында 1989 жылы туған ер адам Mitsubishi Pajero маркалы автокөлігімен Қаратал өзенін кешіп өтпек болған ер кісі көлігімен өзеннің қақ ортасында тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті», - делінген Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Алматы облысының жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шақырту орнына келген бойда көліктің Қаратал өзенінің ортасында, 1,5-2 метр тереңдікте тұрып қалғанын, жүргізушісі көліктің төбесіне шығып алғанын анықтады. Құтқарушылар құтқару арқанының және құтқару кеудешесінің көмегімен ер адамды жағаға аман-есен жеткізді. Медициналық көмек қажет болмады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"