ТАЛДЫҚОРҒАНДА ҮЙ ӨРТЕНІП, КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ БАСПАНАСЫЗ ҚАЛДЫ

Уақыты: 13.04.2022
Оқылды: 1653
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда көпбалалы отбасының үйі өртеніп кетті. Өрт кезінде отбасы үйде болған. Балалар анасымен бірге қашып үлгерген, бірақ отағасының қолы күйіп қалған. 43 жастағы ер адамның өміріне қазір қауіп төніп тұрған жоқ.

Көпшіліктен көмек сұраған ақпарат әлеуметтік желіге шықты.

Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт электр энергиясының тұйықталуынан шыққан. "Көктал" шағынауданындағы үй толығымен өртеніп, апатты жағдайға жетіп, отбасы жеті баласымен баспанасыз қалды.

- Үйден ештеңе қалмады. Бүгін туыстарымызға түнеуге бардық, бірақ ол жақта да адамдар көп. Олардың алдында ыңғайсыз. Қазір жергілікті қоғамдық орындарда бізге көмек қоры ашылды. Көп рақмет. Талдықорғандықтарға алаңдаушылық білдіргені үшін алғысым шексіз, - дейді көпбалалы ана Мәншүк.

Әкімдік мәселенің мән-жайынан хабардар. Жеті баланың анасының айтуынша, жергілікті билік жаңа баспана табуға көмек көрсетеді.

- Бізге жиналған қаражатқа жаңа үй аламыз. Әкімдік іздеуге көмектесетінін айтты. Бүгін бір-екі нұсқаны қарастырдық, бірақ олар бізге сәйкес келмейді, өйткені, балаларым осында жақын жерде оқиды. Оларға жол жүру ыңғайсыз болады, - дейді әйел.

Отбасындағы балалардың үлкені 15 жаста, кенжесі бар болғаны бір жаста. Біреуі мүгедек. Әзірге қорға қанша ақша жиналғаны нақтыланған жоқ.

"Мәншүк пен Әділбек отбасында 7 бала бар. Олардың үйі таңғы сағат 11.00-де жанып кетті. Мүмкіндігінше, осы отбасына көмектесейік. "Каспий" нөмірі: 87073108370 Мәншүк Д. Мәншүк телефоны өрт кезінде жанып кетті, сондықтан барлық сұрақтар бойынша үлкен ұлына қоңырау шалыңыз. Нұрдәулет 87718479666. Балаларға заттар керек️", - деп жазылған желіде.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"