АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ТАҒЫ ДА ЖЕЛ. КҮН КҮРКІРЕП, НАЙЗАҒАЙ ТҮСУІ ЫҚТИМАЛ

Уақыты: 13.04.2022
Оқылды: 1344
Бөлім: КҮНДЕРЕК

"Қазгидромет" РМК-ның дауылды ескертуінің негізінде 14-16 сәуір күндері Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында күн күркіреп, найзағай түсуі мүмкін. Бұл туралы Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Алматы облысының шығысынан батысқа қарай жел соғады, екпіні 17-22 м/с-қа дейін жетеді. Сонымен қатар, Жалаңашкөл аумағында оңтүстік-шығыстан жел соғады, (23-28 м/с) деп күтілуде.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырады. Ескерте кетейік, осыған дейін 8 және 11 сәуір күндері Алматы облысында тағы да қатты жел соққан еді. Ол уақытта желдің жылдамдығы секундына 25-30 метрге дейін барды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"