ЖАНБОЛАТ ЖӨРГЕНБАЕВ СЕНАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ БОЛЫП ТІРКЕЛДІ

Уақыты: 15.03.2022
Оқылды: 395
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облыстық сайлау комиссиясы хабарлама жариялайды.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 73-бабы, 6-тармағына сәйкес, Алматы облыстық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына келесі кандидаттың тіркелгенін хабарлайды: Жанболат Әкебайұлы Жөргенбаев, 1960 жылы туған, Алматы облыстық мәслихатының хатшысы, Талдықорған қаласында тұрады.      

Т.ДӘУІТОВ,

Алматы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы