АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА НӨСЕР ЖАУЫН. ӨЗЕНДЕР ТАСЫП, СЕЛ ЖҮРУІ ЫҚТИМАЛ

Уақыты: 04.05.2022
Оқылды: 1289
Бөлім: КҮНДЕРЕК

"Қазгидромет" мекемесі 4-6 мамыр күндерінің ауа райына қатысты ескерту жариялады.

Алматы облысының тауларында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты аралас жауын-шашын болжамына байланысты (нөсер) сел пайда болып, өзендерде су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Сондай-ақ, 4-5 мамырда да бұршақ жауып, дауыл соғуы ықтимал. Кейбір өңірлерде күн күркіреп, найзағай түсу қаупі бар. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа қарай ауыспалы жел соғады. Желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді. Дәл осындай екпіндегі жел 1 мамыр күні Алакөл өңірінде соққан еді.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын ұстануға шақырады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"