ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА ЕКІ БАЛА СУҒА БАТЫП КЕТТІ - ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ

Уақыты: 04.05.2022
Оқылды: 1454
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында аулада ойнап жүрген екі жеткіншек каналға батып кетті.

Кеше кешкі сағат 19.05 кезінде Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментіне Қарасай ауданы Жандосов ауылының шетінде орналасқан суару каналына 7 және 8 жасар екі бала батып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

Төтенше жағдай өкілдері таратқан мәліметке сәйкес, оқиға орнынан, яғни, ені 6 метр, тереңдігі 1,5 метр болатын суару каналынан туыстары 2014 жылғы қыз бала және 2015 жылғы ұл баланың денесін алып шыққан. Олар тұрғын үйден 300 метр қашықта ойнап жүргенде ересектердің қарауынсыз қалып, суару каналына құлап, батып кеткен.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"