ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНДА МАСАҒА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР - ДЕПАРТАМЕНТ

Уақыты: 20.05.2022
Оқылды: 1464
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қонаев қаласында масаға қарсы өңдеу жұмыстары басталды. Бұл туралы Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді.

«17 мамырда Қонаев қаласында безгек масасына қарсы өңдеу жұмыстары басталды. Онымен санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының мамандары, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы және әкімдік өкілдері айналысады. Іс-шараның мақсаты - безгекті тасымалдаушылар санының өсуіне жол бермеу. Өңдеудің бірінші кезеңі 17-24 мамыр аралығына өтеді», - делінген департамент таратқан хабарламада.

Тұрғындар ай сайын жылы мезгілде тұрғын үйлердің жертөлелерін өңдеуі қажет. «Кәсіпкерлерге беретін кеңесіміз, демалыс базаларының аумақтарында масалардың көбеюі мен тіршілігі үшін қолайлы жағдай жасайтын су қоймасындағы жағаны өсімдіктерден (қамыс, балшық, балдырлар) тазарта отырып, масаларға қарсы өңдеуді жүргізуіңізді сұраймыз. Жоғарыда аталған шараларды уақытылы және сапалы өткізу жәндіктердің санын азайтуға ықпал етеді», - деп толықтырды аталған департаменттің баспасөз қызметі.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"