ІЛЕ АУДАНЫНДА ЖОЛДАН ШЫҒЫП КЕТКЕН АВТОКӨЛІК ҮЙДІҢ ҮСТІНЕ ҚҰЛАДЫ

Уақыты: 29.05.2022
Оқылды: 1161
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Іле ауданы Боралдай ауылында көлік жолдың жиегінен шығып кетіп, тұрғын үйге құлады.

«Түнгі уақытта "BMW X5" көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жолдың жиегінен асып, тұрғын үйдің үстіне құлады. Үйдің шатыры, газ, жарық бағаналары бүлінген. Оқиғадан жүргізуші өзі жеңіл жарақат алған. Ол ауруханаға жатудан бас тартты», - делінген Алматы облыстық полиция департаменті таратқан хабарламада. Полиция ақпаратына сәйкес, жүргізушінің үстінен ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 610-бабы бойынша хаттама толтырылып, сотқа жолданды.

«Құлаған үйдің иесіне келтірілген шығын көлемі есептелуде. Апаттан газдың құбыры жарылмаған. Электр станцияның мамандары келіп, бағанды қалпына келтірген», - деп толықтырды полиция өкілдері.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"