АЛМАТЫ, ЖЕТІСУ ОБЛЫСТАРЫНДА КҮН КҮРКІРЕП, ҚАТТЫ ДАУЫЛ ТҰРАДЫ

Уақыты: 11.07.2022
Оқылды: 1260
Бөлім: КҮНДЕРЕК

"Қазгидрометтің" ескертуі негізінде 12 шілде күні Алматы және Жетісу облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында күн күркіреп, дауыл тұрады. Бұл туралы Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Алматы облысының таулы жерлерінде және облыстың оңтүстігінде күн күркірейді. Ал Жетісу облысының батысынан жел соғады деп күтілуде, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Төтенше жағдайлар департаменті ауа райына байланысты үйден шықпауға кеңес береді. Сондай-ақ, ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын ұстануға шақырады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"