МАЙМЫЛ ШЕШЕГІ ӘЛЕМНІҢ 70 МЕМЛЕКЕТІНЕ ТАРАП ҮЛГЕРДІ. АУРУДЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ

Уақыты: 12.07.2022
Оқылды: 1946
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша маймыл шешегін жұқтыру күн сайын өсуде.

Кесел Нигерия мен Конгода ерекше өршіп тұр. Бүгінгі таңда әлемнің 70 елінде 9111 жағдай тіркеліп, оның 9071-і расталды.  Қазақстан Республикасында маймыл шешегіне күдікті жағдай тіркелген жоқ.

Денсаулық сақтау мекемсі инфекция таралған Африка елдерінен келген азаматтарға ерекше назар аударуда. Ауру көп жағдайда қан, денеден бөлінетін сұйықтық, яғни, тер, түкірік және ауру жануардың зақымданған терісі немесе шырышты қабаттары арқылы беріледі. Науқас адамның түкірігі мен сілекейі екінші адамның ішіне түссе, ауру жұғады.

Аурудың негізгі белгілері – дене температурасының көтерілуі, қалтырау, бас ауруы, әлсіздік, бөртпе шығу. Тыныс алу ауырлап, тұмауға ұқсас белгілер байқалады. Әлем коронавирус жұқпасынан толық айықпай жатып, маймыл шешегі кеселінің таралып бара жатқанына алаңдаулы. Сондықтан, шет елдерге саяхатқа шыға қалған жағдайда барлық сақтық шарасын ұстанған жөн.

Гүлжан МҰҚАШҚЫЗЫ