ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫН ЖОБАЛАУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ - ӘКІМДІК

Уақыты: 20.07.2022
Оқылды: 1268
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қонаев қаласының урбанистикалық кеңістіктерін жобалау тұжырымдамасы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері мен облыс депутаттарының қатысуымен қоғамдық тыңдау өткізілді.

Қонаев қаласының урбанистикалық даму жоспары қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы жағдай жасау, тарихи орталықты жаңғырту және рекреациялық ресурстарды тиімді пайдалану ортақ мақсатпен біріктірілген бірнеше кезеңді қамтиды.

Қала құрылысын дамытудағы негізгі міндет - қаланың жалпы сәулетіне қайшы келмейтін және облыс орталығының жаңа келбетін қалыптастыратын ортақ стильде және концептуалды ансамбльде қалалық ортаның жаңа кеңістігін құру және қолданыстағыларын жаңғырту болып табылады.

Бірінші кезеңде қалаға кіре берістегі А-3 тас жолынан кіретін жерін жаңарту жоспарлануда. Алдағы таңда келісдей жұмыстарды атқару көзделген: "ҚОНАЕВ" қаріптік композициясын орнату; Облыстың символы ретінде қар барысы бейнеленген композиция орната отырып, бұрылу ілмегінің ішіндегі аумақты абаттандыру, сондай-ақ, кіреберіс қақпаны жаңарту.

Қонаев даңғылы бойынша қалаға кіреберіс жерден бастап әр түрлі функционалдық қоғамдық кеңістіктер, оның ішінде жаңа инфрақұрылымы бар жаяу жүргіншілер аймақтары, мамандандырылған балалар және спорт алаңдары, күннен қорғайтын шатырлары, орындықтары мен әткеншектері бар демалыс аймақтары құрылатын болады. Д.Қонаев монументі жанындағы алаң да жаңғыртылуда.

Қоғамдық тыңдаулар нәтижесінде Кеңес қаланы дамыту жоспарын қабылдады. Сондай-ақ, оны іске асыру шеңберінде мынадай шешім шығарды:

Қонаев даңғылынан алынған 1500 шаршы метр көлеміндегі бөлшектелген тастарды одан әрі әлеуметтік нысандарда пайдалану мақсатында қоймаға қою және уақытша сақтау;

- Қонаев даңғылында бұрын егілген және өңін жақсы сақтаған көгалды қайта отырғызу;

- Қонаева көшесіндегі нақты орындалған жұмыстарға ғана ақы төлей отырып, кепілдік міндеттемелеріне сәйкес 1000 шаршы метр қурап қалған аумақты көгалдандыру міндеттелсін.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі