ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Уақыты: 27.07.2022
Оқылды: 2325
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу облысының прокуроры қызметіне аға әділет кеңесшісі Мадияр Бекенұлы Басшыбаев тағайындалды. Бұл туралы Жетісу облысының әкімдігі хабарлады.

Мадияр Басшыбаев еңбек жолын 2000 жылы Ақтөбе облысы прокуратурасында басқарма прокуроры болып бастаған. Әр жылдары Ақтөбе облысы мен Алматы қаласы прокуратураларында құрылымдық бөлімшелерді басқарды. Медеу, Алмалы аудандарының прокуроры, Алматы қаласы прокуратурасының аппарат басшысы, Бас прокуратура стратегиялық даму департаменті бастығының орынбасары болды.

Бүгінге дейін Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары ретінде қызмет атқарды. Прокуратурадағы еңбек өтілі – 20 жыл.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"