КЕРБҰЛАҚ АУДАНЫНДА МОТОЦИКЛ ТІЗГІНДЕГЕН ОҚУШЫ ҚАЗА ТАПТЫ - ПОЛИЦИЯ

Уақыты: 16.09.2022
Оқылды: 1499
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Кербұлақ ауданында мотоцикл тізгіндеген оқушы қаза болды.

«Оқиға Кербұлақ ауданы Талдыбұлақ ауылында тіркелді. Анықталғандай, 14 жастағы оқушы қытайлық мотоциклді басқарып, екінші дәрежелі көшеден басты көшеге шығып бара жатқан кезде "Nissan Maxima" автокөлігімен соқтығысқан», - делінген Жетісу облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Полиция ақпаратына сәйкес, бала ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған. Жол-көлік оқиғасы бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"