ТАЛҒАР ПОЛИЦИЯСЫ СУИЦИД ЖАСАМАҚ БОЛҒАН БОЙЖЕТКЕНДІ ҚҰТҚАРДЫ

Уақыты: 19.09.2022
Оқылды: 1240
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талғар полицейлері көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалды.

Оқиға Талғар қаласында болды. Тәртіп сақшылары көпірде тұрған 16 жастағы қыздың өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын байқайды.

«Патрульдік қызметтің аға лейтенанттары Ілияс Шахизаданов пен Жасұлан Мықтыбаев, сондай-ақ, уақытша ұстау изоляторының инспекторы, сержант Ербол Бесбаев жедел әрекет етіп, жас қызды ажалдан арашалап қалды. Олар қайғылы оқиғаның алдын алып, мектеп оқушысын көпірден түсіріп алды. Осылайша суицидті болдырмады», - деді Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов.

Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған баланы тынышталдырып, бірден үйіне апарып, ата-анасына тапсырған. Белгілі болғанындай, қыздың анасы 8 жыл бұрын өмірден өткен. Қыз әкесімен, ағасымен бірге тұрады. Сол күні қыз ағасымен жанжалдасып, өмірімен қош айтыспақ болған.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"