ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ ІЗГІ ТІЛЕГІН ЖОЛДАДЫ

Уақыты: 16.12.2022
Оқылды: 3062
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Құрметті жетісулықтар! Сіздерді 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі тәуелсіз Қазақ мемлекеті – еліміздің ғасырлар бойғы асқақ мұратының жүзеге асқан жарқын көрінісі.

Халқымыздың тұтас тарихы азаттық жолындағы күрескерлік шежіреден тұрады. Тағдырдың сан тарау бұралаңында елдің еркіндігін сақтап, ұлан-ғайыр даланы қорғап қалу үшін ата-бабаларымыз небір күрделі кезеңдерді өткерді, бастарын бәйгеге тікті, жандарын құрбан етті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 желтоқсанды тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым ететін күн ретінде айшықтап берді.

Осы орайда біз тәуелсіздік жолында жанын пида еткен боздақтардың, жазықсыз жапа шеккендер мен құрбан болғандардың рухының алдында бас иеміз. Олардың ерліктері мен еңбектерін ел жадында жаңғырту – баршамыздың ортақ парызымыз. Тарихқа құрмет ету – тәуелсіздігіміздің құнын ұғынуға, жастарды елжандылыққа тәрбиелеуге, сапалы ұлт, саналы қоғам құруға ықпал ететін қастерлі дәстүр.

Осындай күрделі кезеңде халықты бір мақсатқа біріктіретін, тұтастыққа міндеттейтін құндылық. Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың «Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана», – деген сөзінің жаңа қоғам қалыптастыруға, тәуелсіздігін нығайтуға бет түзеген бүгінгі Қазақстан үшін де мәні зор. Құрметті жерлестер! Баршаңызға мықты денсаулық, жемісті еңбек, толайым табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Халқымыз бейбіт те берекелі заманда өсіп-өркендей берсін! Әрдайым тәуелсіз еліміздің еңсесі биік болсын!

Бейбіт ИСАБАЕВ,

Жетісу облысының әкімі