ТӘУЕЛСІЗДІК - ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ӨРКЕНДЕУДІҢ СИМВОЛЫ. МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ

Уақыты: 15.12.2022
Оқылды: 1568
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Біздің егемен республикамыздың тұрғындары 16 желтоқсанда ең маңызды мерекелердің бірі - қазақ халқының ғасырлар бойғы арманын жүзеге асырудың символына айналған Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Дәл осы күні, 1991 жылғы 16 желтоқсанда біздің еліміз тәуелсіз, демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет мәртебесіне ие болды.

Қазақстан тәуелсіздік жылдарында қалыптасудың аумалы-төкпелі кезеңдерін еңсеріп, көптеген қиындықтарды бастан өткеріп, күшті және гүлденген елге айналды, тұрақты дамуға қол жеткізді және бүкіл әлемдік қоғамдастық алдында танылған беделге ие болды. Тарихи тұрғыдан алғанда, осы қысқа уақыт ішінде біздің еліміздің көкжиегі кең, болашағы зор мемлекет ретінде айқындалды.

Тәуелсіздік жылдарында болған оң өзгерістердің арқасында Қазақстан халықаралық деңгейде кеңінен танылды. Біз өз экономикамызды түбегейлі реформаладық, бұл Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы қуатты байланыстырушы буын болып табылатын ірі державаға айналуына мүмкіндік берді. Бейбітшіл ел атанып ұлтаралық және конфессияаралық қатынастарды жолға қою арқылы табысты тәжірибенің арқасында әлем мемлекеттерін мойындатты.

Әлемдік қоғамдастықтың толыққанды мүшесі ретінде біздің республика өңірлік және жаһандық сипаттағы мәселелерді шешуге қатыса отырып, дауыс беру құқығына ие болды, табысты дамуын жалғастыра отырып, демократиялық өзгерістер жүргізуде, олардың әрқайсысы азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Бұл туралы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әділ мемлекет құруға бағытталған саясатының айқындалған бағыты соны меңзейді, мұнда басымдықты алдымен халыққа  берілген.

Осының арқасында біз және біздің балаларымыз әлемнің көптеген елдері үшін халық бірлігінің үлгісі бола отырып, бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатырмыз.

Қазіргі заман жағдайлары, оның алаңдатарлық сын-қатерлері бізден ерекше ұйымшылдық пен даналық және өзара сыйластық танытуды талап етеді.

Биыл Мемлекет басшысы Қонаев қаласына Алматы облысының әкімшілік орталығы мәртебесін беру туралы тарихи шешім қабылдады. Бұл оқиға барша халықты қуантып, еліміздің тарихи шежіресіне енді. Батыл қадамдар жасау арқылы жаңа жетістіктер мен жаңа жеңісті күндерге қол жетті. Көптеген адамдармен қатар депутаттық корпус аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына баға жетпес үлес қосады, оның жұмысы, ең алдымен, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді сәтті орындай отырып, біз бүгін алдымызда тұрған барлық зор мақсаттарға қол жеткізетінімізге сенімдімін.

Дәулет ЖАРАСБАЕВ,

Алматы облыстық мәслихатының хатшысы