АЛДАҒЫ 3 КҮНДЕ СУ ТАСҚЫНЫ БОЛУЫ МҮМКІН ӨҢІРЛЕР АРАСЫНДА ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ АТАЛДЫ

Уақыты: 10.03.2023
Оқылды: 944
Бөлім: КҮНДЕРЕК

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қазгидромет алдағы күндері бірнеше өңірде тасқыны болуы мүмкін екенін ескертті.

«10 -12 наурыз аралығында Жетісу, Алматы облыстарында және Алматы қаласы маңындағы аймақтарда жауын-шашынның көп түсуіне, сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты қарқынды қар еруі, мұздық құбылыстардың әлсіреуі және өзендерде су деңгейлері көтерілмек. Аталған өңірлерде су тасқыны болуы мүмкін», – делінген хабарламада.

Осыған байланысты тұрғындарға абай болуды ескертеді. 

Фото: көрнекілік үшін алынды

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ