ҚАУЛЫ. ҚАЗАҚСТАНДА МҰҒАЛІМДЕР КҮНІ БЕЛГІЛЕНДІ

Уақыты: 10.03.2023
Оқылды: 1019
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстанда педагогтардың кәсіби мерекесі - Мұғалімдер күні бұдан соң 5 қазанда атап өтіледі.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы primeminister.kz сайты дерегіне сүйене отырып хабарлайды

Бұған дейін мемлекеттік мерекелер тізіміне сәйкес, республикада мұғалімдер күні осы уақытқа дейін қазан айының бірінші жексенбісінде тойланып келді. енді бұл мереке 5 қазанда әлемнің 100-ден астам елі атап өтетін дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілді.

оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде қазақстанда мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 556 мың педагог еңбек етеді.

айта кетейік, дүниежүзілік мұғалімдер күнін бекітуге 1966 жылы 5 қазанда парижде өткен мұғалімдердің мәртебесі туралы арнайы үкіметаралық конференция ұйытқы болды.

Нәтижесінде юнеско мен халықаралық еңбек ұйымының өкілдері "мұғалімдердің мәртебесіне қатысты ұсыныстар" құжатына қол қойды. дүниежүзілік мұғалімдер күні алғаш рет 1994 жылы 5 қазанда атап өтілді.

 

Фото: ашық дереккөзден

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ