Бишімбаев соты. Байжановтан бір айып алынып тасталды

Уақыты: 02.05.2024
Оқылды: 327
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Әйелін аяусыз ұрып өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сотта жарыссөз басталды

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Qaz365.kz сайтының дерегіне сүйеніп хабарлайды. 

Сот отырысында жарыссөз басталды. Қазір прокурор Айжан Аймағанова сөз сөйлеп, дәлелдер негізінде Салтанаттың қалай қысымға түскенін айтып жатыр.

«Салтанат – Күн сәулесі секілді жарқын қыз еді. Бишімбаев оны экономикалық, психологиялық тұрғыдан өзіне тәуелді етті. Тіпті өлгеннен кейін өзін ақтау үшін марқұмды қаралап, бар кінәні оған жауып жатыр», – деді Аймағанова.

Судья Айжан Құлбаева Байжановқа қатысты Қылмыстық кодекстің 434-бабы «Қылмыс туралы хабарламау» деген айыпты алып тастады.

Фото: Jogargy_sot