Сарбаздар құнды мұралармен танысты

Уақыты: 05.07.2024
Оқылды: 340
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорғандағы 54380 әскери бөлімінің сарбаздары Жетісу облысының орталығындағы Мұхамеджан Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайын тамашалады. Осы орайда Отан алдындағы борышын өтеуге келген жастар ондағы құнды жәдігерлермен танысып, алған әсерлерімен бөлісті.

Мұражай қызметкерлерінің сөзінше, Мұхамеджан Тынышбаев атындағы Жетісу облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1974  жылы 1 наурызда Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің шешімімен құрылған. Мұражайға 1993 жылы белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, қазақтың тұңғыш инженері Мұхаметжан Тынышпаевтың аты берілген. Ондағы сақталған тарихи мұралар жастарды патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеуде ұлттық сананы қалыптастыруда орны ерекше. Бүгінде мұражай қорында 24 мың 500-ден астам экспонат бар. Оның 11 мыңға  жуығы негізгі қорға жатады.

Мұражай залдары қала тұрғындары мен қонақтарына өлкенің бай әрі сұлу табиғаты мен өткен және қазіргі тарихыннан тағлымды сыр шертеді.  

– Мұндай мұражайларға саяхат жасау ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына өскелең ұрпақ тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпалы зор. Бүгінгі іс-шараның басты мақсаты – сарбаздардың елін, жерін сүюге, бірлік пен ынтымақтықты нағайтуға бағытталған. Сондай-ақ ұлттық құндылықтарымызды мақтан ете отырып «Біртұтас ел - Біртұтас жер» қағидасының идеологиялық мазмұнын сарбаздардың санасына сіңіру, – дейді 54380 әскери  бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, майор Асхат Оспанов. 

Мұражайды аралау барысында сарбаздар өздерінің тарихтың куәсі болған құнды мұраларды көзбен көріп, қызықты деректерден мол мағұлмат алып, үлкен рухани сезімге бөленіп қайтқандарын жеткізді.

Айдын КӘЛІМХАН