Талдықорғанда тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Уақыты: 08.07.2024
Оқылды: 119
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорғандағы тұрғын үйлердің жағдайы мәз емес. Ескі үйлер жөндеу жұмыстарын қажет етеді.

Қазірде қала маңында орналасқан тұрғын үйлердің сыртқы бетін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.  Бұл туралы қалалық тұрғын үй инспекция бөлімі мәлімдеді. Сәйкесінше осы жылы 10 көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қалыпқа келтіріледі. Бүгінде "Көктем" және "Болашақ"  шағын аудандарында жұмыстар басталып, қазан айына дейін жалғасады.

"Былтыр 13 тұрғын үйдің шатырларын ауыстырған едік.  Осы жылы жоспар бойынша 28 тұрғын үйдің шатырларын ауыстырсақпа деп отырмыз. Мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жарияланды.  Мердігер мекеме нақтыланғаннан кейін жөндеу жұмыстары басталады. Бұл жұмыстарды жүйелі түрде жылда жалғастыратын боламыз. Қаланы көркеюіне бәріміз күш салғанымыз абзал. Сондықтан тұрғындардында пікірлері ескеріледі",  — дейді қалалық тұрғын үй инспекция бөлімінің басшысы Мақсат Саданов.

Сонымен қатар қала ішіндегі  шаһармен бірге келе жатқан 50-70 жылдардағы ескі үйлердің шатыр жабындылары ауыстырылып қайта жаңарту жұмыстары қолға алынады. Көктемде қатты жауын шашымның салдарынан көптеген тұрғын үйлердің төбесінен су ағып, халық бірақ әбігерге түскен еді.

"Жөндеу жұмыстары жүргізілгеніне қуанып отырмыз. Үйлердің сыртқы көрінісі қорқынышты еді, әбден тозығы жеткен. Мындағы Тәуелсіздік  көшесінің бойындағы үйлер көнеріп барады. Жаңадан сәндеп  түрлі түсті бояса жақсы болар еді", — дейді қала тұрғыны Ұлпан Оспанова.

Мұрат КҮМІСБЕК, 
ЖУ студенті