Талдықорғанда жол жөндеу жұмыстары қарқынды

Уақыты: 26.06.2024
Оқылды: 389
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Бүгінде Жетісу облысының орталығында жол жөндеу жұмыстары қарқынды. Талдықорған қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміндегі мамандардың сөзінше биылғы жылы жалпы қала бойынша 53,8 шақырым жол ретке келтірілмек.

Нақтырақ айтқанда биылғы жылы жаңа жол салу жұмыстары шаһардағы бірнеше шағын ауданды қамтымақ. Олар  «Жастар-1» шағын ауданында 53 көше, Солтүстік-Батыс ауданында 45 көше және 8,9 аудандарында 9 көше. Ал, жөндеуге тиіс жолдардың  28,8 шақырымы жаңадан салынатын жол болса, 14,6 шақырымы күрделі жөндеуден өтеді. Сонымен бірге жол жамылғысын ауыстыруды қажет ететін 18,4 шақырым ұзындықтағы 16 көшеде орташа жөнделеді деп  жоспарланса, 17 шақырымнан астамына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Сала жауаптыларының айтуынша,  қаланың ішкі көше жолдарын жөндеу жұмыстары сәуір айында басталған болатын. Бұл жұмыстар енді алдағы тамыз айына дейін жалғасады. Бұдан бөлек, 200-ге жуық жаңа жол белгілері және 380 метр жолдағы жасанды төмпешкітерді қалпына келтіру көзделген. Сондай-ақ, көлік ағымы көп жүретін аумаққа тағы 4 жаңа бағдаршам орнатылады.

 – «Биылғы жол жөндеу жұмыстары өткен жылмен салыстырғанда ертерек басталды. Жоспар бойынша қазір жолдарды ретке келтіру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, қала тұрғындарының өтініштерін де басты назарға алып, көшелердегі жол төсемі қалпына келтіріліп, ойық-шұңқырлар да жамалуда», - дейді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұрбақыт Алтынбеков.

Айдын КӘЛІМХАН