Мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексі

Уақыты: 27.06.2024
Оқылды: 434
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Мемлекетті кқызмет – мінсіз атқарылуы тиіс. Ол үшін ҚР Әдеп кодексін бұзушылықтардың алдын алу қажеттігі анық. Сондықтан да мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментімен Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидимиологиялық бақылау комитетінің облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мемлекеттік қызметшілерімен семинар өтті.

Онда  мемлекеттік қызмет туралы заңнама мен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзушылықтардың алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді. Жалпы, Әдеп кодексінің басты міндеті – сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шараларды әзірлеу, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік әдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау, әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру және мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу. Әдеп кодексі мемлекеттік қызметкерлердің менталитетін жаңаша қалыптастыруға зор үлес қосары сөзсіз. Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметтің қоғам өміріндегі рөлі, мемлекеттік қызметшілердің ұстанымдары мен қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылу қажеттігі айшықталған. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілердің жүріс-тұрыс ережелері қызметтік әдеп стандарттарында көрініс тапқан. Мемлекеттік қызметшілердің өз құқықтары мен міндетері бойынша, тәртіптік жаза қолдану қағидалардың және Әдеп кодексінің талаптары семинарда жан-жақты талқыланды. Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қызметкерлеріне пилоттық жобаға байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті