«Jas Kenes Siylygy» байқауына өтініш қабылдау басталды

Уақыты: 02.07.2024
Оқылды: 345
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Елімізде тұңғыш рет республика деңгейінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңесінің бастамасымен «Jas Kenes Siylygy» байқауы басталды. Байқау ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңесінің ұйымдастыруымен жас мамандарды көтермелеу мақсатында жарияланған тәуелсіз жастар премиясы.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз конферециясында Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Ілияс Түстікбаев айтты. 

Конкурстық іріктеу 3 кезеңде өтеді. Іріктеу қорытындысы бойынша 14 жеңімпаз анықталады. Байқаудың жүлде қоры – 14 миллион теңге. Әр номинация бойынша 2 жеңімпаз 1 млн.теңгеден алады. 

«Сыйлық алуға 35 жасқа дейінгі ҚР азаматтары үміткер бола алады. Конкурсқа қатысуға өтінімді https://www.jaskenes.kz/application  сайтында 2024 жылғы 18 маусымнан 18 шілдеге дейінгі кезеңде беруге болады», - дейді Ілияс Нұрболұлы. 

Ағымдағы жылдан бастап жыл сайын байқау жеті номинация бойынша өткізілетін болады. Олар «Janqiarlyq», «Altyn jürek», «Önerkäsıp», «Bolaşaq turaly qamqorlyq», «Adamgerşılık», «Kömek qoly», «Bızdıñ üi».

Басқарма басшысы орынбасарының мәліметінше, комиссияның сыйлық лауреаттарының тізбесін бекіту туралы шешімі комиссия отырысында қарапайым көпшілік дауыспен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Марапаттау рәсімі барысында сыйлыққа ие болған адамдарға тиісті диплом, ақшалай сыйақы беріледі, сондай-ақ іс-шараның серіктестері мен демеушілерінен қосымша бағалы сыйлықтар табыс етілуі мүмкін.

"Жетісу-Ақпарат"