Путин Астанаға ұшып келді

Уақыты: 03.07.2024
Оқылды: 306
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Владимир Путин ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, - деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді әуежайда Қазақстан Республикасының премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды. Владимир Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.

5 жыл ішінде Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы 56,5 пайызға өсіп, 66 миллиард доллар болды. 2024 жылғы қаңтар-сәуірде ұйым ішіндегі өзара сауда көлемі 19,1 миллиард доллар болды. Осы кезеңде ҚР мен РФ арасындағы тауар айналымы 7,4 миллиард доллар болды.

Фото: Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі