Талдықорғанда арық желілері тегіс жаңартылуда

Уақыты: 12.07.2024
Оқылды: 211
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Бүгінде Жетісу облысының орталығында ішкі су жолдарын тазалау, ескі арық желілерін жаңартып, бүлінгендерін қайта қалпына келтірілу жұмыстары қарқынды.

Қала әкімдігінің мәліметінше, қазір Талдықорған қаласы бойынша жалпы ұзындығы 382 шақырымды құрайтын арық желісі бар. Қазіргі кезде олардың басым бөлігін қалпына келтірумен бірге жаңа арықтарды салу ісі басталған. Осылайша биыл шаһарда ішкі арық жүйелері 25 пайыздан 70 пайызға дейін қайта жаңғыртылмақ. Ал, қаланың таза әрі әсем болуы көпке ортақ. Биылғы көктем айы бастала салысымен түрлі тазалық шаралары қолға алынып, қала аумағындағы көпірлер мен арық, тоғандар тегіс аршылған. Мұндай жұмыстар күз айларында жалғасын таппақ.

 – «Шаһарда қазір әр күн сайын коммуналдық қызмет мекемесінің жұмысшылары шамамен 2-3 шақырымға жуық арық желілерін қоқыс пен тұрмыстық қатты қалдықтардан тазартады. Сонымен қатар аймақта ескі арықтар жаңартылып, бүлінгендерін қалпына келтірілу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар толық аяқталғанда қаланың барлық жеріне су жеткізу ісінде еш кедергі бола қоймайды», –дейді жауапты сала мамандары.

 Айдын КӘЛІМХАН