Жел, найзағай, жауын: 15 шілдеге ауа райы болжамы

Уақыты: 15.07.2024
Оқылды: 270
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазгидромет синоптиктері 15 шілде, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Оңтүстік циклон және онымен бірге келетін атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстік-шығыста, оңтүстікте, орталықта күн күркіреп, бұршақ болады.

Қатты желмен бірге нөсер жауын жауады.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-батыста, солтүстікте түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі. 

Күндіз Алматы, Атырау облыстарында, Абай облысының оңтүстігінде аптап ыстық болады. 

Атырауда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Абай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстауда, Түркістан облысының шөлді аудандарында, Жамбыл облысының батысында және Ұлытауоблысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, орталығында, шығысында, Қызылорда облысының оңтүстігінде, Атырауоблысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі бар. 

Фото: Pexels