Жетісу облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Уақыты: 15.07.2024
Оқылды: 3056
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Диас Рахметұлы Есдәулетов Жетісу облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Диас Рахметұлы Есдаулетов

1987 жылы Талдықорған қаласында туған. Жоғары білімді. Шанхай Джао Тонг университетін ақпараттық технологиялар және телекоммуникация жүйелері мамандығы бойынша бітірген. «Болашақ» бағдарламасының түлегі.

Еңбек жолын Астана қаласында «2011 жылғы VII қысқы Азия ойындарының ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ-ның техникалық сұрақтар бойынша бас сарапшысы болып бастады.

Әр жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ электрондық қызметтерді ілгерілету департаментінің менеджері, «Қазконтент» АҚ-да ақпараттық-талдау орталығының ақпараттық жобалар мониторингі жөніндегі маманы, орталық басшысы, жобаларды басқару департаментінің директоры, «Қазақстан тарихы» интернет-жобасының басшысы, медиа жобалар бойынша басқарушы директор, ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ ақпараттық жоспарлау қызметінің басшысы, медиа жоспарлау және өңірлердегі жұмыс басқармасының басшысы, ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің Ақпарат комитеті Қоғаммен байланыс орнату және мемлекеттік органдармен үйлестіру басқармасының басшысы, ҚР Премьер-Министрі баспасөз қызметінің бас сарапшысы, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Ақпараттық-талдау орталығының жедел ақпарат секторының меңгерушісі, орталық меңгерушісінің орынбасары, ҚР Президентінің Әкімшілігі Талдау және болжау орталығы меңгерушісінің орынбасары, Алматы қаласы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды.

2022 жылдың наурызынан ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директорының орынбасары болды.